Жамбылдықтар Жеңіс күнін атап өтті » №42 Жұлдыз бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№42 Жұлдыз бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-33-46
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жамбылдықтар Жеңіс күнін атап өтті
09
май
2019

Жамбылдықтар Жеңіс күнін атап өтті


                             Бүгін 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған облыс орталығындағы салтанатты шаралар легі қаладағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды. А.Сухамбаев, Ы.Сүлейменов, З.Космодемьянская, Т.Тастандиев ескерткіштеріне, Әл-Фараби көшесіндегі обелискіге гүл шоқтарын қою рәсіміне облыс әкімінің орынбасарларынан бастап, басқарма, мекеме басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, Ассамблея хатшылығының, зиялы қауым өкілдері және тағы басқалар (барлығы 5 мыңға жуық адам) қатысты.Бұдан кейін «Қаһарман ұлт-Бессмертный полк» шеруі өтті. Шеруге қатысқан 2 мыңнан аса адам А.Сухамбаев ескерткішінен Д.Қонаев — І.Жансүгіров көшелері арқылы Жеңіс саябағына дейін жүріп өтті. Жеңістің 74 жылдығына арналған шеруге көпшілікпен бірге облыс әкімі Асқар Мырзахметов та арнайы қатысты.Бұдан соң өңір басшысы Асқар Мырзахметов, облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері бас қолбасшысы генерал-майор Марат Құсаиновтың қатысуымен «Мәңгілік алау» және Бауыржан Момышұлы ескерткішіне салтанаттыгүл қою рәсімі өтті. Ол «Ерлік» мемориалды кешеніндегі мерекелік шарасына жалғасты. Мерекелік шара барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысы құрбандарын, жерлес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Облыс әкімі жиналғандарды Жеңіс мерекесімен құттықтап, бейбіт күннің бағасын білуге шақырды.Сондай-ақ, бұл күні Жеңіс саябағындағы «Данқ» залының ашылу салтанаты өтті. «Данқ» залының құрылысы саябақтың өткен жылы басталған жаңғырту жұмыстарының жалғасы болып табылады. Жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрайтын зал екі қабаттан тұрады. Құрылысты мердігер «Жасыл ел Тараз» ЖШС-гі жүргізген. Жоба құны – 546 миллион 769 мың теңгені құрайды.«Данқ» залының бірінші қабаты Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Онда 1000 шаршы метрге барлығы 1 миллион 500 мыңнан астам фото шежірелер топтастырылған. Залдың бірінші бөлігінде орналасқан 1941, 1942, 1943, 1944-45 жылдарға арналған қабырғалардағы суреттер сол кезеңдегі соғыс көріністерін еріксіз көз алдына алып келеді. Атап айтсақ, 1941-жылға арналған қабырғада «Барбороса» жоспарының картасы, Мәскеу үшін шайқасының, генераль-майор И.Панфиловтың, «Отан ана», Б.Момышұлының, Н.Белошевтің және басқа да барлығы 100-ден астам фотосуреттер мен 200-ден аса құжаттар қойылған. Ал, залдың 1942-жылға негізделген қабырғасы «Ленинград блокадасына» арналған. Онда жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың суреті, ақынның «Ленинградтық өреңім» атты отты өлеңі және өзге де дүниелер орын алған. 1943-жылға арналған қабырғада Сталинград, Курск шайқастарына арналған үлкен фотолар жинағы орналасқан. Сол секілді 1944-45 жылдарға арналған қабырғада Қызыл Әскердің Европаны азат етуін бейнелейтін фотолар жинағы берілген. Сондай-ақ, залда «Рейхстагқа ту тігу» барельефі қойылып, тылдағы еңбеккерлердің өмірінен сыр шертетін, 1945 жылғы 24 маусымдағы Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруі және Жеңістің 70 жылдығына арналған Астана қаласында өткен салтанатты шараның суреттері де көрініс тапқан. Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған.Нысанның екінші қабатында «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы орналасқан. Орталықта Б.Момышұлының балалық шағынан кемеңгерлік жасына дейінгі өмірін бейнелейтін музей және көркемсурет бұрышы құрылған. Онда негізінен майдангер-қаламгердің шығармашылық-тұлғалық болмысын айшықтауға басымдық берілген. Орталық ішінде Баукеңнің шығармашылығына арналған кітапханалық бұрыш пен жиын өткізуге арналған конференция залы жасақталған. Сонымен қатар, деректер жинақтайтын мамандарға арналған үш қызметтік бөлме мен бір фотолаборатория қарастырылған.«Данқ» залының лентасын қию рәсіміне даңқты Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор, Мекемтас Мырзахметұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері Тлеуқабыл Төребеков қатысты. Сондай-ақ, осыдан соң саябақта «Солдат ботқасы» атты шарасы өтіп, 500 адамға ботқа таратылды. Мерекелік шаралар соңы концерттік бағдарламаға ұласты.Айта кетейік, бұл күнгі іс-шараларға барлығы 11 мыңнан аса қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.              
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
MichaelMum
1 декабря 2019 17:49
Комментарии тут не нужны, просто посмотрите ультразвуковые приборы Сколько всего интересного можно прочитать ультразвуковая сварка пвх Сколько спортом не занимайся, бициху не нарастишь без питания тестостерон пропионат купить Посмотреть тв можно и бесплатно интернет через триколор Можно установить дверь с доставкой в москве элитные входные двери москва Вот еще про двери входная дверь в дом Смотрите и другие сайты госуслуги вход через снилс
Williamrhymn
5 декабря 2019 11:02
Хорошике квартиры тут жк афродита 1 мытищи официальный Сколько можно говорить тут альянс афродита мытищи Для спутникового телевидения есть спец сайт афродита квартиры с отделкой Можно установить дверь с доставкой в москве жилищный комплекс афродита мытищи Тут несколько комментариев для вас мои читатели пирогово афродита 2 новостройки от застройщика цены Ну как вам двери? продажа квартир в жк афродита квартиры от застройщика жк афродита продажа квартиры Зацените сайт афродита 2 мытищи на карте Ну и как же круто это жк афродита 6 корпус Интересно, правда? жк афродита березовец мытищи официальный сайт цены
Lionelcourf
Вчера, 14:58
бц lighthouse Солидные входные двери --- металлические двери под заказ Я вам советую посмотреть эти сайты --- кэпитал хаус бизнес центр Вот где можно найти отличный офис для твоего бинеса --- жк-афродита.рус Купили дверь и арендовали офис? Теперь купите квартиру! бизнес центр nordstar tower Арендуй меня --- бизнес центр w plaza Сайт с обилием офисов --- белая площадь деловой центр Запуск бизнеса начинается с крутого офиса --- арендовать офис Главное тут на сайте есть все --- святогор бц