22
май
2019
42 "ЖҰЛДЫЗ" бөбекжай-бақшасы
"Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 42 "ЖҰЛДЫЗ" бөбекжай-бақшасы 2017 жылдың желтоқсан айының 16 жұлдызында ашылды. 280 орынды қамтитын бөбекжай бақшамызда 12 топ бар. Орыс және қазақ топтарында білім мен тәрбие беретін барлығы 37 педагог қызмет атқарады. Бөбекжай-бақша жаңа жиhаздармен жабдықталған. Топ бөлмелері балалардың жас ерекшелігіне сай безендірілген. Бөбекжай-бақшамызда "Интеллектум бөлмесі", "Сенсорлық бөлме" ашып, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасап отырмыз. Осы уақыт аралығында қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, талай жетістіктерге жеттік.


















































































