"Балалармен табиғат бұрышындағы жұмысты ұйымдастырудың маңыздылығы"
Бөбекжай-бақшамызда "Балалармен табиғат бұрышындағы жұмысты ұйымдастырудың маңыздылығы" тақырыбында семинар өткізілді. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында өскелең ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір кезек күттірмейтін мәселе екендігі атап көрсеткен. Ендеше, еліміздің болашағы болатын өскелең ұрпақтың қоршаған ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі іс-әрекеттері отбасынан және балабақшадан басталатыны сөзсіз.